Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың Қазақстандағы дипмиссия өкілімен кездесті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Теодор Лингпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстандағы АҚШ-тың дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Теодор Лингпен кездестім. Инвестициялық, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық перспективаларына қатысты мәселелерді талқыладық», - деп жазды қала басшысы Тwitter-дегі парақшасында.