Бақытжан Сағынтаев: Алматыны жабу жоспарымызда жоқ
«Біз Алматы қаласының кәсіпкерлерімен эпидемиологиялық ахуалды және карантин шектеулерінің тиімділігін талқыладық. Біз әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Енді біз бизнеске көмектесудің жолдарын қарастырамыз. Қазір қаланың бюджет тарапынан қандай қолдау шараларын жүзеге асыратынымызды шешеміз. Жұмыс тобы құрылды. Оны талқылап, сейсенбі күні Үкіметте ұсынамыз», - деді ол.
Сонымен қатар, ол қаланың жабылмайтынын да атап өтті.
«Қала жабылмайды. Қаланы жабу жоспары жоқ. Осыған дейін қабылданған шектеу шаралары әсер етіп, жағдайдың тұрақтануына ықпал етеді деген үміттемін. 20 наурыздан бастап шектеу шаралары енгізілді. Кеше бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Карантин шектеулерін тағы екі аптаға созу шешімі қабылданды. Барлығы өзімізге байланысты. Карантин талаптарын қатаң сақтау керек, бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, көпшілік іс-шаралар өткізуден және көп шоғырланған жерлерге барудан аулақ болу керек», - деді әкім.