Бақытжан Сағынтаев Алматының ақпараттық және көлік инфрақұрылымымен танысты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматыға жұмыс сапары барысында қаланың ақпараттық және көлік инфрақұрылымымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ең алдымен Үкімет басшысы Open Almaty қоғамдық қабылдауында болды.
Б.Сағынтаев әкімдіктің халықпен кері байланыс орнату үшін атқарған жұмысын бағалап, қаланың бірқатар көшелерінің қайта жасалған келбетімен танысты.
Сонымен қатар оған қаланың көлік инфрақұрылымын жаңғырту жоспары таныстырылды.
Open Almaty аралағанда Үкімет басшысы SmArtPoint коворкинг орталығында болды.
«Алматы қаласының даму орталығы» АҚ басшысының міндетін атқарушы Р. Асаубаев Премьер-Министрге Open Almaty қоғамдық қабылдауында көрсетілетін қызмет түрлері, SmArtPoint алаңында жүзеге асырылып келе жатқан жобалар жайлы, коворкинг орталығының жұмыс қағидасы туралы баяндады.
Айта кету керек, Open Almaty жаңа сервисі қала тұрғындарына көрсетілетін қызметтерді бір жерге біріктірген болатын.
Алматының өзгерген орталығы Үкімет басшысының көңілінен шықты.
Алматы әкімінің орынбасары С.Мәкежанов жүргізілген жұмыстар жайлы баяндады.
Айта кету керек, орталықта спорт және балаларға арналған алаңшалар бой көтерді, ғимараттардың қасбеттері бірыңғай стильге келді.
Биыл жазда Алматы қаласының тарихи орталығының 3/1-і қайта жаңғыртудан өткен еді.
Жоспар бойынша «Арбат» (Жібек Жолы көшесінің Қонаев пен Желтоқсан көшелерінің арасы), Панфилов көшесінің Қабанбай батыр мен Жібек Жолы көшесінің арасы мен «Астана» алаңы жаяу жүргін жолына айналмақ.
Гоголь мен Қабанбай көшелері жартылай жаяу жүргіншілер көшелері ретінде жасалады.
Бақытжан Сағынтаев Алматының арнайы көліктерінің ахуалын тексерді. Қала әкімінің орынбасары М.Дәрібаев қаланың дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында жол қозғалысының кешенді жоспары жөнінде, сондай-ақ, Оңай жол жүру жүйесі жөнінде баян етті.
ҚР Үкімет басшысына айтылғандай, 143 шақырым жол жабындысы жөнделіп, 97 мың шаршы метр тротуар жасалады.
Сонымен қатар, 14,7 шақырым арық желісі жүргізіліп, 42,2 шақырым арық желісі қайта жасалады.
«Әйгерім», «Ұлжан-1, -2», «Қарасу», «Ақбұлақ», «Дархан», «Кұрылысшы», «Өжет», «Трудовик», «Шаңырақ-1, -2», «Алтын бесік», «Достық» шағынаудандарының 20 мың тұрғынын ауыз суға қосатын 380 шақырымдық су құбырлары орнатылып жатыр.