Бақытжан Сағынтаев аудан әкімдеріне су басудың алдын алуды тапсырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев аудан әкімдері мен қалалық ТЖД өкілдеріне қаладағы су басу қаупінің алдын алуға пәрмен берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев аудан әкімдеріне су басудың алдын алуды тапсырды

«Қалалық ТЖД @Dchsalmaty мен аудан әкімдеріне қалың нөсердің әсерінен су басу, кептелістің алдын алу шараларын ұйымдастыруға пәрмен бердім», - деді Бақытжан Сағынтаев Twitter парақшасында.

Айта кету керек, Алматыда бүгін бірнеше күнге созылған аптап ыстықтан соң нөсер жауын жауып өтті.