Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданының әкіміне ескерту жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев қала аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысуды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев Әуезов ауданының әкіміне ескерту жасады

Әкім кешегі сапар барысында қала басшысы көлік және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйімен танысып, ауданның әлеуметтік маңызы бар нысандарын аралап көрді. Мегаполис әкіміне Алматы көлік холдингі іске асырған электрондық билеттеудің инновациялық жүйесі туралы ақпарат берді. Қала әкімі кәсіпорын басшылығына аталмыш жүйені жетілдіре түсуді тапсырды. Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Мамыр-4» шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, мәселелеріне құлақ асты.
null

«Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаевқа алдағы уақытта маған әдемі ауданның әдемі жерлерін ғана көрсете бермей, жағдайды объективті түсіну үшін проблемалы жерлерді де көрсетуді тапсырдым. Жалпы, ауданда көшені жарықтандыру мәселесін кешіктірмей шешу қажет. Жол төсемінің, жылу, су құбыры және кәріз желілерінің тозғаны көзге ұрып тұр. Аулаларды абаттандыру кезінде тұрғындардың пікірін ескеру қажет», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Facebook парақшасында.
null

Ол өз постында Достық шағын ауданының 18 көшесінде сыртқы жарықтандыру желілерін жүргізіп, 12 көшеде кәріз желілерін салу керектігін, 79 үйдің жылу қазандықтарын, су құбырларын және жолдарды жөндеу қажет екенін жазды. Алматы әкімі Абай даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында орналасқан «Достық» метро стансасының құрылысын тексерді. Ұзындығы 3 шақырым болатын «Достық» және «Сарыарқа» стансалары жолаушылар ағынын 56% - ға дейін арттырады деп күтілуде.

null