Бақытжан Сағынтаев: Басты міндет - коронавирустың жаңа толқынын тоқтату
Бірінші сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекцияның 595 жағдайы тіркелді,оның 497-сі симптомды және 98-і симптомсыз.
«Қалада коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделене түсуде. Өткен айдың басынан бастап індеттің үшінші толқыны басталды. Оған себеп мутацияланған штамдардың пайда болуы», - дейді әкім.
Оның айтуынша, мегаполис зертханаларында 113 сынаманың мутация ықтималдығына зерттеулер жүргізілді. 63 сынамада мутацияның жоғары ықтималдығы анықталды, ол қала бойынша орта есеппен 56 пайызды құрады. 113 сынаманың 31-інен британдық штамм анықталды.
«Сондықтан қалада қатаң шектеу шаралары енгізілді. Сонымен қатар, мутацияланған штамдарда қысқа инкубация кезеңі байқалады. Сол үшін ол барлық топтағы адамдарға, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балаларға да қауіп төндіреді. Қазіргі басты міндет - коронавирустың жаңа толқынын тоқтату»,-дейді Бақытжан Сағынтаев.