Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Отырыс барысында компанияның 2018 жылға арналған жоспарлары қаралды, онда «Қазақстанның даму банкі» АҚ-мен мәміле жасасу шешімі мақұлданды. Мәмілеге сәйкес, «ҚДБ-Лизинг» АҚ (еск. «Қазақстанның даму банкі» АҚ еншілес ұйымы) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруға несие берілді.

Бұдан өзге, директорлар кеңесі холдингтің 2018 жылға арналған бизнес-процестерінің, тәуекелдер мен бақылауларының матрицасын, ішкі аудит қызметінің 2017 жылдың 4-тоқсанындағы есебін бекітті және «Бәйтерек» холдингі тобының ішкі аудит қызметінің тиімділігі мен жұмыс сапасын сыртқы тәуелсіз бағалау нәтижелерін қарады.