Бақытжан Сағынтаев: Бостандық ауданына жаңа әлеуметтік нысандар қажет

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданындағы жағдаймен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақытжан Сағынтаев: Бостандық ауданына  жаңа әлеуметтік нысандар қажет

«Бостандық ауданының тұрғындарымен кездестім. Олар жаңадан салынған тұрғын кешендері айналасының ретсіз абаттандырылғанына шағым айтуда. Жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың қауіпсіздігі алаңдатады. Қозғалыс бөлігіне, ең алдымен балалардың мектепке баратын бағытына барынша қауіпсіз әрі ыңғайлы өтпелі жолдар жасаған жөн. Аудан әкіміне 15 шілдеге дейін осы мәселені шешудің нақтылы жоспарын ұсынуды тапсырдым»,-деп жазады Б.Сағынтаев facebook парақшасында.null

Сондай-ақ, Б.Сағынтаев Бостандық ауданының әкімі А. Рахымбетовке тұрғын үй салған кезде бірінші қабаттарға әлеуметтік объектілердің орналасуын қарастыруды тапсырды.

«Алдағы аппараттық жиында Бостандық ауданының әкімі тұрғындарды алаңдатын барлық мәселелерді шешудің нақтылы шараларын ұсынуы тиіс»,-деді әкім.