Бақытжан Сағынтаев «Cisco Systems» компаниясының басшылығымен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Cisco Systems» компаниясының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында «Cisco Systems» компаниясының Қазақстандағы «ақылды» қалалар, білім беру, көлік, денсаулық сақтау, қауіпсіздік салаларындағы түрлі үдерістерді жақсартуға бағытталған бірқатар жобаларға қатысу мәселелері талқыланды.