Бақытжан Сағынтаев Доминикан Республикасының сыртқы істер министрімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Доминикан Республикасының сыртқы істер министрі Мигель Варгаспен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Бақытжан Сағынтаев Доминикан Республикасының сыртқы істер министрімен кездесті

Кездесу аясында сауда-экономикалық байланыстар, өңірлік нарықтарға шығу, сонымен қатар Қазақстанда Доминиканның дипломатиялық миссиясын ашу мен екі ел арасындағы визалық режимді ырықтандыру мәселелері талқыланды.

Алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге, оның ішінде баламалы энергия көздерін дамыту мен БҰҰ қолдауымен «жасыл» технологияларды дамыту және инвестициялық жобалар халықаралық орталығын ашу мәселелеріне ерекше назар аударылды.