Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Инвестициялық саясат жөніндегі жаһандық бағыттың жетекшісі Роберто Эчандидің басшылық етуімен Дүниежүзілік банктің сарапшылар тобымен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында «Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестициялар тарту бойынша үкіметтік бағдарламасының жобасы қаралды.