Бақытжан Сағынтаев Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Отырыс барысында банк жүйесі және экономиканың маңызды секторларының бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтірудің өзекті мәселелері талқыланды.
Сарапшылар алдын ала ағымдағы жағдайға талдау жасап, аталған бағыттар бойынша бірқатар ұсыныстар берген.
Премьер-Министр тиісті мемлекеттік органдарға сарапшылармен бірлесіп, алға қойылған мәселелерді тереңінен зерттеп, келесі отырыста соған байланысты өз ұсыныстарын жасау туралы тапсырма берді.