Бақытжан Сағынтаев Фиджи Премьер-Министрімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласына үш күндік жұмыс сапарымен келген Фиджи Республикасының Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимарамамен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.  

Бақытжан Сағынтаев Фиджи Премьер-Министрімен кездесті

Кездесу барысында экономика, туризм, ғылым және білім берудің түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Елдер арасындағы экспорттық-импорттық операциялардың мүмкін бағыттары қаралды. 

16 тамызда ФР Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимараманың қатысуымен Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде Фиджи Республикасының Ұлттық күнінің ашылуы жоспарланған.