Бақытжан Сағынтаев «Kazakh Invest» ҰК директорлар кеңесінің отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев «Kazakh Invest» ҰК директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Отырыс барысында елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, «Kazakh Invest» ҰК-ның 2017 жылдың II және III тоқсанына арналған есептері тыңдалды, сонымен қатар 2018 жылға арналған жұмыс жоспары мен жылдық бюджет талқыланып, бекітілді.