Бақытжан Сағынтаев ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.

Бақытжан Сағынтаев ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

Отырыс барысында ҚР Үкіметінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, технологиялық жаңарту және экономиканы, туризмді цифрландыру сияқты бағыттарын жаңғырту бойынша жұмыстарын жүйелеуге қатысты ақпарат және коммуникациялар, инвестициялар және даму, мәдениет және спорт министрліктерінің іс-әрекеттері талқыланды.

Мемлекеттік комиссия отырысында қаралған барлық бағыттар еліміздің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында экономиканы жаңғыртуға бағдарланған.