Бақытжан Сағынтаев күзгі Алматының әсем көріністерінен суреттер жариялады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының күз мезгіліндегі әсем көріністерінен Instagram парақшасына суреттер жариялады.
«Алматыдағы жыл мезгілдерінің ауысуы — ғажап көрініс. Бұл - суретшілер мен ақындарға шабыт беретін мезгіл»- деп жазды қала басшысы.