Бақытжан Сағынтаев мұғалімдердің газетке мәжбүрлеп жазылуына қатысты пікір білдірді

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 14 бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін тарату меншік иесінің шешімімен немесе редакцияның, басылымның, сонымен қатар ұйымдардың немесе азаматтардың келісімшарты не басқа да заңды негіздер арқылы жүзеге асырылады», - деп атап өтеді Үкімет басшысы.
Премьер-Министрдің жауабында келісімшарт жасау міндеті Кодексте, заңнамалық актілерде немесе ерікті түрде қабылданған міндеттемеде көрсетілетін жағдайды қоспағанда мәжбүрлі түрде келісімшарт жасауға жол берілмейді.
«Осылайша, ұйым қызметкерлері, оның ішінде мектеп мұғалімдеріне мерзімді журналдар мен газеттерге жазылуды рәсімдеу ерікті негізде жүзеге асырылуы тиіс», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Айта кетейік, бұған дейін мұғалімдерді газет-журналдарға мәжбүрлі түрде жаздыру тыйылмай тұрғанына алңдаушылық танытқан Мәжілістің бір топ депутаты Үкімет басшысының атына арнайы сауал жолдаған болатын. Онда мектеп мұғалімдеріне педагогикалық қызметтеріне еш қатысы жоқ 2-3 басылымды мәжбүрлі түрде жаздыратындығы айтылған.