Бақытжан Сағынтаев ОМV компаниясының басшысымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ОМV компаниясының басқарма төрағасы Райнер Зелемен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
None
None

Кездесу барысында компаниямен ынтымақтастық орнату және Қазақстанда бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Анықтама: ОМV компаниясы - Австрияның ең көлемді листингтік өнеркәсіптік компанияларының бірі, Орталық Еуропадағы ірі мұнай компаниясы. OMV Атырау облысында полиэтилен өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап жүрген Borealis компаниясының 36% акциясына ие.

OMV акционерлері: Mubadala (Әбу-Даби) - 24,9%, ÖBIB (австриялық мемлекеттік өнеркәсіптік холдингі) - 31,5% және акцияларының 43,6%-ы еркін айналымда.  

Компания Қазақстанда 2004 жылдан бері қызмет істейді және ол Маңғыстау облысындағы Комсомольское, Тасболат, Ақтас, Түрікменой кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығына ие «Ком-Мұнай» ЖШС (95%, 5% - қазақстандық серіктестер), «Тасболат Ойл Корпорейшн» ЖШС (100%) қатысушысы.  

Компанияның барлық кезеңдегі инвестициялары миллиардтан астам долларға тең.

Соңғы жаңалықтар