Бақытжан Сағынтаев Өскемендегі көз микрохирургиясы емханасына барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев көз микрохирургиясы емханасының консультативтік-диагностикалық бөлімінің, стационарының және операциялық блогының жұмысымен танысты.
None
None

Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Медицина мекемесін аралау барысында Бақытжан Сағынтаевқа медицина кадрларын қайта даярлаудың үшдеңгейлік жүйесі таныстырылды.

Орталықта көз аурулары диагностикасы мен оларды емдеудің барлық негізгі заманауи технологиялары енгізілген. Озық технологиялар, жаңа жабдықтар, хирургиялық ілгерінді әдістемелер емханада жүргізілетін емнің жоғарғы сапасын, сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар