Бақытжан Сағынтаев пен Биньямин Нетаньяху екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Израиль мемлекетінің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесті өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

 Бақытжан Сағынтаев пен Биньямин Нетаньяху екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең спектрін талқылады, соның ішінде индустриалды-инновациялық даму, сауда-экономикалық қарым-қатынастар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ІТ-технологиялар, телекоммуникациялар, қауіпсіздік салалары, сонымен қатар ЭЫДҰ стандарттарын іске асыру бойынша тәжірибемен алмасу мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылды дамытуға дайын екендіктерін білдірді.