Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Отырыс барысында Трансформациялау бағдарламасы аясында Қор қызметінің 2017 жылға қорытындысы бойынша есептер тыңдалды, сондай-ақ жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру және Қордың активтерін ІРО-ға дайындау мәселелері талқыланды.