Бақытжан Сағынтаев «Шелл» компаниясының өкілдерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Роял Датч Шелл» концернінің Геологиялық барлау және өндіру бөлімшесінің директоры басшылық еткен «Шелл» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Бақытжан Сағынтаев «Шелл» компаниясының өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында Қашаған, Қарашығанақ және Каспийдегі мұнай-газ жобаларының жұмыстары, сонымен қатар «Шелл» компаниясының «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне жаһандық серіктес ретінде қатысу мәселелері талқыланды.