Бақытжан Сағынтаев Ташкентте ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ташкентте Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
None
None

Шара қарсаңында, 2 қараша күні кешке, Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
null 

Шағын құрамдағы отырыс аясында экономикалық өзара іс-қимыл мен ТМД-ға қатысушы елдердің сауда-экономикалық қарым-қатынасын нығайтуға жағдайлар жасау бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар сауда кедергілерін одан әрі азайту мен сауда мен кооперация әлеуетін ашуға қатысты шаралар қаралды. 

Кеңейтілген құрамда өткен отырыста үкіметтік делегациялардың басшылары ТМД еркін сауда аймағы туралы келісімшарттың іске асырылу барысын, мұнай-газ машинасын жасау, жерді мелиорациялау, тауарлардың кедендік құнына бақылау орнату, халықаралық картелдерге өзара тиімді іс-қимыл шараларын дамыту және т. б. мәселелерді қарады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар құжаттар талқыланды. Бұдан өзге, ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысын 2018 жылдың көктемінде Тәжікстан Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен Қазақстан мен Өзбекстан президенттері арасындағы келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту, өңіраралық өзара іс-қимылды, әсіресе шекара маңы аумақтарында күшейту мәселелерін талқылады. Тауар айналымы көлемін ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, машина жасау және автомобиль құрастыру, азаматтық авиация, фармацевтика салаларында инвестициялық өзара байланысты кеңейту, көлік-транзиттік инфрақұрылымды дамыту шаралары, сонымен қатар әскери-техникалық және аэроғарыш салаларындағы бірлескен жұмыстардың келешегі қаралды.

Ташкенттегі Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үкіметтері басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды, олардың ішінде:

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тауарлардың кедендік құнын анықтау және бақылауға қажетті ақпаратпен алмасу туралы келісім;
  • ТМД аясында терроризммен және экстремизмнің өзге де күштеу шараларымен, сондай-ақ, оларды қаржыландырумен күрес саласында ақпаратпен алмасу туралы келісім;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жерді мелиорациялау саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасы және оны іске асыру бойынша бірінші кезекті шаралардың жоспары;
  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұнай-газ машинасын жасау саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасы және оны іске асыру бойынша бірінші кезекті шаралардың жоспары;
  • ТМД-ға қатысушы елдерде 2020 жылғы кезеңде халық санағын жүргізуге даярлық барысы туралы;
  • 2020 жылға дейін ТМД-ға қатысушы елдерде медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді және жергілікті шиеленістерге қатысқан соғыс ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерінің өмір сапасын арттыруды одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша шаралар жоспарын 2018 жылы қаржыландыру туралы.

Бұдан өзге, ТМД-да тауарлардың шығарылған елін анықтау ережелері туралы, халықаралық автокөлік тасымалдаушыларының кәсіби біліктілігі мен қосымша оқытылуына талаптардың үйлесімділігі туралы, мемлекеттердің үйлестірушілік көлік кеңестері туралы кейбір келісімдерге өзгерістер енгізілді.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады. 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылы өтеді. Екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың сегіз айында $1,2 млрд (экспорт - $747 млн) құрады, өткен жылдың осы кезеңіндегі өсім көрсеткіші 31% құрады.

 

Соңғы жаңалықтар