Бақытжан Сағынтаев жаңа құрамдағы ҚТЖ директорлар кеңесінің бірінші отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 тамызда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

Бақытжан Сағынтаев жаңа құрамдағы ҚТЖ директорлар кеңесінің бірінші отырысын өткізді

«Самұрық Қазына» АҚ басқармасының шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамына төмендегілер кірді:

Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, директорлар кеңесінің төрағасы;

Илькявичюс Адамас - «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформация және арнайы жобалар бойынша басқарушы директор;

Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы - «Самұрық Қазына» АҚ  басқарма мүшесі - активтерді оңтайландыру бойынша басқарушы директор;

Кун Кристиан, Сыздықов Тито Уахапұлы, Святов Серік Аманжолұлы, Вильгельм Бендер - тәуелсіз директорлар;

Мамин Асқар Ұзақпайұлы - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ сайланған директорлар кеңесінің өкілеттілігінің мерзімі үш жыл.