Бал айында жер шарын велосипедпен аралаған жұп - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2012 жылы Жаңа Зеландиядан бал айына аттанған ерлі-зайыпты Кэт пен Стив Тернерлер жақында еліне оралды. Олар 674 күн ішінде велосипедпен үш құрлықты аралап өтті. Аталмыш жұп бал айындағы саяхат кезінде Қазақстанға да табан тіреген екен.
None
None

Әдетте жас жұбайлар тойдан соң бал айына танымал демалыс орындарына баруға талпынатын-ды. Ал ағылшындық Кэт пен Стив Тернерлер неке қию рәсімінен соң, демалыстың ерекше түрін таңдапты. Олар жұбайлық өмірдің алғашқы күндерін велосипед басқышын айналдыруға арнаған.

Атап айтсақ, олардың бал айы екі жылға бірақ созылды. Себебі, ерлі-зайыптылар 674 күн ішінде 20 000 миль жүріп өтіп, үш құрлықтың бірқатар елдерінде қонақта болған екен. Атап айтқанда, олар Австралия, Малайзия, Индонезия, Таиланд, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Қытай, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия, Греция, Италия және Францияда болып, таяуда Англиядағы үйлеріне оралды, деп жазады Day.Az.

Соңғы жаңалықтар