Бала 95 келіге арықтап, сөйлей бастады

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Саша Пехтелев есімді Ресейдің Волгоград қаласында тұратын әлемдегі ең семіз балалардың бірі салмағының жартысын тастап, едәуір арықтаған, деп хабарлайды Лента.ру.

Бала 95 келіге арықтап, сөйлей бастады

Осыдан екі жыл бұрын 13 жасар бала 180 келі тартқан еді, қазір 95 келіге арықтады. Ол мұндай жетістікке арнайы диета ойлап тапқан әжесінің арқасында жеткен көрінеді.

Бұрын біреудің көмегінсіз қозғала алмайтын, тіпті дұрыс сөйлей алмайтын бала, бүгінде аулада емін-еркін ойнап, жүгіріп, тіпті 3 қабаттағы үйіне өзі көтеріліп жүр.

Прадера-Вилли синдромымен (май басу және дененің жетілуін тежейтін сирек ауру түрі) ауыратын Саша 3 жыл бойы тек тізім бойынша тамақтанды. Оған тек ботқа, сүт өнімдері, жеңіл-желпі сорпалар, тауық еті, жемістер мен көкөністер ғана рұқсат етілді.

«Біз өз дегенімізге жеттік. Саша өзінің бұрынғы салмағының жартысына арықтады. Дегенмен, біз бұнімен тоқтап қалмаймыз», - дейді әжесі.