13:41, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Бала асырап алу туралы шешім қабылдаған ата-аналарды ынталандыру жүйесін құру қажет ? Н. Назарбаев
АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда бала асырап алу туралы шешім қабылдаған ата-аналарды ынталандыру жүйесін құру қажет.
![None None](/static/img/plug.webp)
Бүгін Елордада өтіп жатқан Қазақстан әйелдерінің V форуымында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Көп балалы отбасыларды, бала тууды қолдаумен қатар, жетім балаларды асырап алушыларды да ынталандыру қажет. Біз ата-ана қамқорлығынан айырылған, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан сәбилер тағдырына алаңдаушылық білдіріп, олардың өміріне селқостық танытпауымыз керек. Осы үшін бізге бала асырап алу туралы шешім қабылдаған ата-аналарды ынталандыру жүйесін құру қажет. Өзіміз шектеу қоймастан бұрын, Қазақстанның қаншама баласы шетел асып кеткенін білетін шығарсыздар. Ал сондай балаларды шетелге жібермей-ақ, асырап алуды Қазақстанда да ұйымдастыруға толық мүмкіндік бар ғой», - деді Елбасы.