19:19, 13 Тамыз 2010 | GMT +5
Бала асырап алуда еліміздің азаматтары белсенділік танытып отыр - прокуратура
АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еліміздің азаматтары қазақстандық балаларды асырап алуда белсенділік танытып отыр.

Бұл туралы бүгін журналистермен кездескен Астана қалалық прокурорының көмекшісі Ольга Ионова мәлім етті.
Оның биылғы жартыжылдықтың қорытындыларына сүйене отырып келтірген мәліметтеріне қарағанда, шетелдіктер елімізден 17 бала асырап алса, қазақстандықтар 30 нәрестені бауырына басқан. «Бұл қуанышты жаңалық. Себебі, бұрындары елімізден бала асырап алушылар көбіне шетелдіктер болатын», деді прокурордың көмекшісі.