«Бала дауысы» байқауының 5-маусымына іріктеу басталды
Байқаудың 5-маусымына іріктеу 26 наурыз бен 25 сәуір аралығында ұйымдастырылады. Оған 8-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Онлайн-іріктеу турына қатысу үшін өтінімді толтырып, кез келген тілде және кез келген жанрда екі-үш ән үзінділері орындалған видеоны жіберу қажет. Іріктеу турының қорытындысы бойынша 17 финалист анықталады. Олар маусым айының басында Алматы қаласына шақырылатын болады».
«Бала дауысы» – бұл әлеуметтік жоба. Оның барлық кезеңдеріне қатысу тегін, ал жеңімпаздары мен жүлдегерлері еліміздің музыкалық оқу орындарында білім алуға гранттар мен ертегілер әлемі - Диснейлендке жолдама алады.
Байқаудың ұйымдастырушылары - Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры.
Толық ақпаратты конкурстың ресми www.baladauysy.kz сайтынан білуге болады. Өтінімдер www.notka.kz сайтында 26 наурыздан бастап қабылданады.