Бала емізетін 102 мыңнан аса әйелге коронавирусқа қарсы вакцина салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» препаратымен вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бала емізетін 102 мыңнан аса әйелге коронавирусқа қарсы вакцина салынды

29 наурыздағы мәліметке сәйкес, «Pfizer» вакцинасының І дозасын 940 530 адам, ІІ дозасын 795 994 адам салдырды. Оның ішінде:

І компонентімен

- жасөспірімдер – 778 353,

- жүкті әйелдер – 35 535,

- бала емізетін әйелдер – 125 342.

ІІ компонентімен

- жасөспірімдер – 663 880,

- жүкті әйелдер – 29 349,

- бала емізетін әйелдер – 102 365.