Бала құқығын қорғауға қатысты оларға қылмыстық жауапкершілікке қатысты жасын ұлғайту көзделеді

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
None
None

Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасының мақсаты - балаларды әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ құқық қолдану практикасының басымдықтарын жазалау-қуғындау шараларынан профилактикалық және қорғау функцияларына қарай өзгерту болып табылады.

Заң жобасы туралы баяндаған Ішкі істер вице-министрі Александр Кулиничтің айтуынша, құжатта баланың құқықтарын қорғау мен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған құқықтық шаралар жүйесін кеңейту көзделеді. «Осыған орай, заң жобасында ұрлық, тонау және бопсалаушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік басталатын жасты 14-тен 16-ға дейін ұлғайту көзделеді. Кәмелеттік жасқа толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін жауаптылық көзделген бап енгізіледі. Бұдан бөлек кәмелетке толмаған баланың эротикалық сипаттағы материалдарды сатуына тиым салынады», деді А. Кулинич.

Оның сөзіне қарағанда, құжатта сондай-ақ кәмелетке толмағандарды олардың денсаулығына зиян тигізетін ауыр жұмыстарға немесе олардың білім алуына кедергі келтіретін жұмыстарға тартуға тиым салынады. Заң жобасы бойынша дамыған елдердің балалар құқы бойынша тәжірибелері зерделеніп, ескерілген.

Соңғы жаңалықтар