Бала өлтірген қылмыскер 33 жылдан кейін табылды
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің полиция бөлімшесі осыдан 33 жыл бұрын Итан Пэтц есімді алты жастағы баланың жоғалып кетуіне қатысы бар деген күдікпен бір адамды қамауға алғандарын хабарлады, деп мәлім етті Хабар агенттігі.
1979 жылы бұл қылмыс бүкіл елді дүрліктірген болатын. Итан үйіне оралмаған 25 мамыр - АҚШ-та Ұлттық балалардың жоғалған күні деп жарияланды. Сол күні Итанның Манхэттанның Сохо ауданында тұрған ата-анасы ұлдарына алғаш рет мектептен өз бетімен автобуспен қайтуына рұқсат берген. Содан бері қанша іздеу салынғанмен, оны көрген адам болмаған. Полицияның хабарлауынша, қамауға алынған 51 жастағы Педро Эрнандес есімді адам Пэтцтердің үйі маңындағы шағын дүкенде жұмыс істеген екен. Нью-Йорк полициясы басшысының сөзіне қарағанда, күдікті тіпті 33 жыл бойы жасырып келген өз кінәсін мойындаған. Полицияның хабарлауынша, сол кезде 19 жаста болған Эрнандес Итанды сусын алу үшін дүкенге шақырып, артынан тұншықтырып өлтіріп, денесін қоқысқа лақтырып жіберген.