Бала сатқандар 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы қаласында былтырғы жылы бала сату фактісі бойынша қамауға алынғандарға сот үкімі шығып, олар 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 28 қазан 2010 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы полициясына №20 қала поликлинникасының бас дәрігерінен азаматша Исаеваны жаңа туған баласымен бірге, іздеп табу туралы өтініш түскен. Аталған факті бойынша тергеу органдарымен ҚР ҚК-нің 133 бабының 2 тармағымен - алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату туралы қылмыстық іс қозғалып, бұл іс бірінші күннен бастап Түрксіб ауданы прокурорының жеке бақылауында болды. Күдікті азаматтарды қамауға алу туралы тергеушінің өтінішхаты прокуратурамен қолдау тауып, сот арқылы айыпталушылар А.Х.Оглы, С.Исаев, Беженцевтарды қамауға санкция алынды.

«Алдын ала тергеу кезінде анықталғандай, Исаеваның өзі тұрақты жұмыс орны болмаған, әдепсіз өмір сүрген және ақшаға үнемі зәру болып жүрген. 2010 жылы қыркүйек айында өзінің танысы Беженцевқа өзінің қалауынсыз жүкті екенін айтқан, ол оған баласын өзге адамдарға сату туралы ұсыныс жасаған. Исаева онымен сөз байласып, 2010 жылы қыркүйек айының соңында 1000 АҚШ долларына емханадан шыға сала, жаңа туған баласын Беженцев арқылы А.Оглыға береді, Беженцевқа қызмет көрсеткені үшін ақшаның бір бөлігін береді. Бүгінгі таңда аталған қылмыстық іс Алматы қаласы мамандандырылған кәмелетке толмағандарға арналған сотпен қаралып, айыптау үкімі шығарылды, кінәлілер жасаған қылмыстарының ауырлығын ескере отырып тиісті жазаларын алды. Сотталғандардың кінәлары тергеу барысында және сот тергеуі кезінде жиналған материалдармен толық дәлелденді. Сонымен, 12.04.11 жылғы сот үкімімен ҚР ҚК-нің 133 бабы 2 тармағы «а» бөлігімен А.Х.Оглы мен С.Исаева кінәлі деп танылып, әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. П.Беженцев те кінәлі деп танылып 7 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген баспасөз айғағында.

Соңғы жаңалықтар