Бала сатуға әрекеттенген қылмыскер 7,6 жылын түрмеде өткізетін болды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Щучье аудандық сотының шешімімен кәмелетке жасы толмаған баланы сатуға әрекеттенген А. Круковский 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 ҚР ҚК-сінің 133-ші бабы 2 «ж» тармағы бойынша жауапқа тартылған 1981-ші жылғы Ресей Федерациясының азаматы А. Круковский  ағымдағы жылдың ақпан айында көңілдесі Р. есімді азаматшаның қыз баласын сатып, еліне кетуді жоспарлаған. Әуел баста баламен қыдырып келемін деп сыртқа шыққан ол келісім бойынша сатып алушыдан 800 АҚШ доллары мен 70 мың теңге сыйақы алған. Тергеу барысында белгілі болғанындай, баланы асырап алуға ниеттенген сатып алушымен «Бәйтерек» мейманхана кешенінде кездеспек болған. Саудалау да сол жерде өткізіліп, айғақты дәлелдермен ресейлік азамат қолға түсті. Енді міне аудандық сот тергеу амалдары қорытындысы бойынша істі қарап, тиісті үкім шығарып отыр.

Соңғы жаңалықтар