«Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауының ұлттық іріктеуінде елорда намысын қорғайтын өнерпаз анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық 8-13 жас аралығындағы жүзден аса өнерпаз М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауының аймақтық іріктеу сынынан өтті. Сондай-ақ, республика бойынша жалпы байқауға қатысушы балалардың саны 2000-ға жетті, деп жазады bala.turkvizyon.kz.
None
None

«Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауының Астана бойынша жеңімпазы он үш жасар Дильнур Біржанова деп бірауыздан шешілді. Ерекше дауысты қыз Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева бастаған қазылар алқасын бір көрегеннен баурап алды.

Дильнура көп балалы үйден шыққан: үш сіңлісі мен бір інісі бар. Анасы Роза Біржанованың айтуы бойынша, қызы үш жасынан бастап ән сала бастаған. Әкесі гитарада ойнауды үйрене бастаған кезде, қызы дауыс ырғағымен әндете бастаған. Сол кезден бастап ата-ана қызының музыкалық қабілетінің бар екенін байқаған. Содан кейін, мектептегі ән сабағынан беретін ұстазы да қыздың ерекше даусын байқап, болашағынан зор үміт күткен екен. Қазіргі таңда Дильнура вокалдан бірнеше ұстаздан дәріс алып, фортепианода ойнайды. Оған барлық музыкалық жанрлар ұнайды және Роза Рымбаева, Лара Фабиан, Ани Лорак, Маржан Арапбаева мен Қайрат Баекеновты үлгі тұтады. Бос уақытында кітап оқығанды жақсы көреді. Өнерлі қыздың басты арманы - қайырымдылық концерт беретін танымал актриса әрі әнші атану.

Дильнур Біржанова 13 тамыз күні аймақтың барлық жеңімпаздарымен бірге Алматыдағы «Жұлдызды үйге» орналасады. «Жұлдызды үйде» олар екі апта бойы тамыздың 16-17 күндері Астанада өтетін және «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін байқаудың жартылай финалына дайындалады.

Соңғы жаңалықтар