Бала тууға байланысты жәрдемақы: төлем мөлшері және алу тәртібі қандай
АСТАНА. KAZINFORM — Биылғы жылдың 8 айында бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақыны 200 мыңнан астам отбасы рәсімдеді.
Тағайындалған төлемдер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр — мұнда 28 мыңнан астам жәрдемақы рәсімделген. Алматы қаласында 19 мыңнан астам, ал Астана қаласы бойынша 17 мыңнан астам жәрдемақы берілген.
— Жәрдемақыны проактивті форматта да алуға болады. Бала тууы тіркелгеннен кейін ата-анаға SMS-хабарлама келеді. Келісімді растап, банк шотын көрсеткеннен кейін төлем автоматты түрде тағайындалады. 2026 жылы жәрдемақы мөлшері бірінші, екінші және үшінші балаға — 164 350 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға — 272 475 теңге, — делінген хабарламада.
Өтінішті кез келген ХҚО-да беруге болады. Ол жағдайда қызмет 7 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Ал электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы өтініш берген жағдайда, қызмет 4 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Құжаттарды бала туған күннен бастап 18 ай ішінде тапсыру маңызды. Осы мерзім өткеннен кейін жәрдемақы алу құқығы жойылады.
Айта кетелік министрлік неліктен кейбір жәрдемақы 3 жылда 1 рет қана көтерілетіні туралы түсініктеме берген еді.