Балабақша директоры Теміртау білім беру бөлімі басшысына пара бергені үшін сотталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Теміртауда білім беру бөлімінің басшысына екі рет пара бергені үшін «Кораблик» бөбектер бақшасының директоры сотталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Балабақша директоры Теміртау білім беру бөлімі басшысына пара бергені үшін сотталды

Бірінші рет параны  қаланың бас педагогының кабинетінде берген. Директор оған 10 000 теңге беріп, балабақшаға баланы оның інісі ретінде қабылдауға жолдама жазып беруін өтінеді. Шенеунік ақшаны алып, жолдама жазып берген. Екі әйел де олардың әрекеттері аудио аппартураға жазылып қалғанын білмеген. Құрылғыны кабинетке жасырын шара жүргізген Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері орнатқан.

Бұдан бұрын олар білім беру басшысы пара алады деген расталмаған тексерілмеген мәлімет алған.  Жағдайды анықтау үшін прокурордың санкциясымен кабинеттегі оның барлық әңгімелері тыңдалды. Бір айдан соң балабақша директоры білім беру бөлімінің басшысына тағы пара берді. Әйел балабақшаға білім беру бөлімі басшысының орынбасары Анна Стариковская келіп,  қосымша топ ашуды тапсырғанын жеткізген. Мекемеде бала толық болмаған. Ал директор жаңа топ ашқысы келмей, білім беру бөлімі басшысынан өзінің орынбасарымен сөйлесуді өтініп 20 мың теңге берген.

Ұлттық бюро қызметкерлері екеуін де ұстады. Оларға пара беру, алу айыбы тағылды. Теміртау қалалық сотының судьясы Талғат Елеуов балабақша директорын ҚК 397-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп таныды.

Сот үкімімен сотталушының меншігіндегі қылмыстық жолмен алған  мүліктері тәркіленіп, оған параның қырық есе көлемінде (бұл 800 000 теңгеге тең) айыппұл төлеу жазасы тағайындалды Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.