Балабақшадағы өрт: 168 бала қауіпсіз жерге шығарылды
«25 желтоқсан күні сағат 12-46-да Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылының өртке қарсы қызмет кезекшілігіне «Аққу» балабақшасында өрт шыққандығы туралы хабар түсті. Ғимараттың 2 қабатындағы балабақша меңгерушісінің 8 шаршы метрді құрайтын кабинетіндегі жиһаз өртенген. Өрт сөндіру бөлімшесі келіп жеткенге дейін балабақша қызметкерлері 168 баланы қауіпсіз жерге шығарған», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, сағат 13-00-де өрттің алды алынып, 13-25-те толықтай сөндірілген.
«Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқыту-тәрбиелеу процесі бұзылмады», - деді Нұрсұлтан Нұрахметов.
Өртті сөндіруге Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 10 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылған.