Балабақшаға қатысты мәселелер 2015 жылға қарай шешілетін болады - Тараз қаласы мәслихатының депутаты
ТАРАЗ. Сәуірдің 20-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Балабақшаға қатысты мәселелер 2015 жылға қарай шешілетін болады, деп мәлімдеді өзінің кезекті сессиясында облыс орталығындағы мектепке дейінгі білім берудің дамуына 2010-2015 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын қабылдаған Тараз қаласы мәслихатының депутаты.
Қалалық мәслихат хатшысы Үмен Байшығашевтың хабарлағанындай, бүгінгі таңда бес мыңға жуық кішкентай тараздықтар балабақшадағы өз кезектерін күтуде.
Республикалық және жергілікті бюджеттен 14 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлініп отырған «Балапан» бағдарламасы қабылданғануының арқасында, алдағы бес жылда Тараз қаласында 10 000 орынға арналған 50-ге тарта мектепке дейінгі мекемелер салу жоспарлануда.
Соның нәтижесінде, 20 000 бала балабақша орнымен қамтамасыз етілетін болады.