Балабақшалар құрылысында бизнеске жағдай жасау қажет - Мемлекет басшысы

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Балабақшалар құрылысында бизнеске жағдай жасап, жер телімдерін бөлу керек. Бұл туралы бүгін Астанада елорданың алдағы дамуы мәселелеріне арналған сәулет-құрылыс кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Адами капиталды қалыптастыру өте маңызды. Сондықтан соңғы кеңесте Үкіметке, әкімдерге балабақша проблемаларын түбегейлі шешуді тапсырған едім. Білемін, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр», деп атап өтті Президент.

Бүгінгі кеңес барысында «Балапан» бағдарламасының орындалуы барысы талқыланатынын жеткізген Мемлекет басшысы, «Осы тұрғыда менде бір ескерту бар. Барлығын бюджетке, мемлекетке арқалаудың қажеті жоқ. Бұл бизнестің ісі. Атап айтқанда, бұл қызық жобалар», деді Н. Назарбаев.

Сондықтан бұл бағытта тиісті жағдай жасап, шағын және орта бизнесті жұмылдыру жұмыстарындағы кемшіліктерді сынға алған Президент, « бұл құрылыстарды салатындарды түрлі салықтардан босатып, оған тиісті мүмкіндік жасап, жер телімдерін бөлу керек. Атап айтқанда, олар құратын жұмыс орындарының өзін үлкен іс деп бағалау қажет», деді.

Соңғы жаңалықтар