Балаға Геноцид деген ат қойылды

АСТАНА. Тамыздың  21-і. ҚазАқпарат -   Цхинвал  перзентханасында    Геноцид есімді    нәресте  дүниеге келді.        Баланың анасының айтуынша,     бұл     есімді  ол «Оңтүстік Осетия   халқы  грузин  реваншистерінен   көрген   барлық бес геноцидті ұмытпауы  үшін» таңдаған, 

Балаға  Геноцид деген  ат қойылды

деп хабарлайды  Utro.ru сайты.

Жаңа туған  әйелдің   бұл   әрекеті   ресми тұлғалардың тарапынан  үлкен  ықылас туғызып  отыр.  Перзентханаға   Оңтүстік Осетияның  қоғамдық қайраткерлері,  оның ішінде   құқық қорғаушылар, ақындар,   сондай-ақ     республиканың   айрықша істер жөніндегі  министрі Валерий Чочиев     келіп кетті.   Осыдан кейін бірнеше    ана   ұл балаларына «Геноцид»,   қыз балаларына  «Геноцида» деп  ат  қоюға  ниет  білдірген.