Балаға темекі сатқан сатушыға 8 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Ертіс аудандық соты 1999 жылы дүниеге келген балаға 100 теңгеге «Bond» темекісінің бір қорабын сатқан сауда нүктесінің сатушысына қатысты қылмыстық істі қарастырды, деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Азаматшаның кінәсі іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен және учаскелік инспектордың рапорты және сұрау хаттамасымен расталды.
Сот қаулысы бойынша сатушы әйел әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған бес айлық есептік көрсеткіш - 8090 теңге көлемінде айыппұл салынды.