Балалар 1 маусымда кинотеатрлар мен аттракциондарға тегін кіре алады

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 1 Маусым - Балаларды қорғау күні елімізде балалар кинотеатрлар мен аттракциондар тегін кіре алады Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы Раиса Шер айтты.

Балалар 1 маусымда кинотеатрлар мен аттракциондарға тегін кіре алады

«Бірінші маусым күні еліміз аймақтарында балалар үшін алаңдарға, ойын-сауық кешендеріне, кинотеатрлар мен театрларға кіру тегін болады. Оларға оқу жылынан кейін демалуға жағдайлар жасалады», - деп атап өтті ол.

«Бұл күні барлығын тегін ету үшін біз барлық ойын-сауық мекемелерімен сөйлестік. Онымен бірге, балалардың қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесін қарастырдық», - деді төраға.

Мәлім болғандай, 1 маусым күні сондай-ақ республика бойынша бір айға жалғасатын «Қазақстан, біз сенің балаларыңбыз!» атты республикалық акция бастау алады. Оның аясында түрлі музыкалық байқаулар мен мерекелік шаралар өткізіледі.

Мерекені ұйымдастыруға жергілікті және республикалық бюджеттің 40 млн.-ға жуық теңгесін және демеушілердің 40-45 млн. теңгесін жұмсау көзделіп отыр.