Балалар арасында ішек аурулары өршіп тұр

Қазақстанда ішектің қабыну аурулары өршіп барады. Әсіресе, аталған дертке балалар жиі шалдығып жатыр. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында өткен ішектің қабыну аурулары жөніндегі республикалық конференцияда айтылды, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы
Фото: Kazinform

Дәрігерлер дабыл қақты. Елде ішектің қабыну аурулары бірнеше жылдан бері өршіп барады. Ішектің созылмалы патологиялары жасарып кеткен. Бүгінде балалар мен жасөспірімдер аталған дертке жиі шалдығады.

«Сондықтан сырқаттанушылықтың өсуі емдеу хаттамаларын жаңартуды, дәрігерлердің сапалы даярлығын және біліктілігін арттыруды талап етеді»,-дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Ішектің қабыну аурулары бойынша жетекші маман Жәмилә Қайбуллаеваның сөзінше, ауруды тиімді бақылап және асқынуларды азайту үшін ауруды ерте анықтау қажет.

денсаулық
Фото: Kazinform

«Терапия мен аурудың барысын уақтылы бақылау маңызды. ІҚА бар пациенттердің бірыңғай базасын құру республика бойынша ІҚА ауруы мен таралуы туралы нақты мәліметтер алуға, сондай-ақ өңірлерде ауруды анықтауды жақсартуға мүмкіндік береді»,-дейді дәрігер.

денсаулық
Фото: Kazinform

 

Ішектің қабыну аурулары жөніндегі республикалық шараға гастроэнтеролог, колопроктолог, эндоскопист, терапевт, жалпы практика және сәулелік диагностика дәрігерлері қатысты.