Балалар Евровидениесінің көрсетілімі «Хабар 24» арнасына ауыстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техникалық себептерге байланысты «Балалар Евровидениесінің» тікелей  көрсетілімі республикалық «Хабар 24» арнасына алмастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

25 қараша күні, 21:00-де Junior Eurovision 2018 Халықаралық балалар байқауының финалы басталады.

«Техникалық себептерге байланысты «Балалар Евровидениесінің» тікелей эфирдегі көрсетілімі республикалық «Хабар 24» телеарнасына ауыстырылды. Қазақ елі бұл өнер сайысына тұңғыш рет қатысып отыр. Байқауда еліміздің намысын Данэлия Төлешова қорғауда. Ол Ұлттық іріктеу конкурсының жеңімпазы», - делінген хабарламада.

Бұрын қазақстандықтар Данэлия Төлешоваға қалай дауыс бере алатыны хабарланған еді.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум