Балалар көркем гимнастикаға 5 жастан, боксқа 12 жастан қабылданады - жаңа норма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде балалардың спорттық жаттығуға жіберілетін ең төменгі жасы бекітіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар көркем гимнастикаға 5 жастан, боксқа 12 жастан қабылданады - жаңа норма

«Спорт түріне байланысты балалардың жаттығуға жіберілетін ең төменгі жасы бекітіледі. Бұл жерде біз қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сүйенеміз. Оның ішінде, «Спорттық резервті дайындау бойынша оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық мекемелерде спорт түрлері бойынша спортшылардың жасын бекіту туралы» бұйрықты негізге аламыз», - деді Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Министрдің дерегінше, көркем гимнастикаға 5 жастан, ал боксқа 12 жастан бастап баруға болады.

«Әрине, мұндағы басты мақсатымыз – балалардың денсаулығын қорғау», - деді ол.