Балалар лагеріне жақындаған екі аюды атуға рұқсат берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иркутск облысының жануарлар әлемін қорғау және пайдалану қызметі Бодайбинск ауданында жергілікті тұрғындардың «Звездочка» балаларды сауықтыру лагерінің жанында байқалған екі қоңыр аюды атуға рұқсат етті.
Аңшылар үшін екі аюды ату рұқсаты 31 шілдеге дейін берілген.
Ведомствоның мәліметтерінше, сондай-ақ Иркутск түбіндегі Байкал күре жолының бойында орналасқан елді мекендердің қасында да екі қоңыр аю байқалған.