Балалар мен жасөспірімдер театрында «Бремен музыканттары» ертегісінің тұсаукесері болады

АЛМАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат - Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында бүгін «Бремен музыканттары» музыкалық ертегісінің тұсаукесері болады. Юрий Энтин пен Василий Ливановтың бұл туындысы Ағзия Көлбаеваның аудармасымен қойылмақ.

Балалар мен жасөспірімдер театрында «Бремен музыканттары» ертегісінің тұсаукесері болады
Қоюшы-режиссері ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Сағызбай Қарабалин. Режиссердің ассистенті Әсет Иманғалиев, көмекшісі Гүлфайруз Смаилова. Қоюшы-суретшісі мәдениет қайраткері Бақыт Сраилов, киім үлгілерінің жетекшісі Ғалымжан Берекешев, биін қойған Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Жанар Мақашева.