Балалар мен жасөспірімдердің «Шаттық-2016» шығармашылық байқауының гала-концерті өтеді

«Шаттық» байқауы мемлекетіміздің мәдени әлеуеті мен кең ағартушылық келешегінің көмегімен жан-жақты шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және дамыту мақсатында өткізіледі. Қалалық байқауға қатысу және жеңімпаз атану - елордалық жастар арасындағы үлкен танымалдылық пен зор абыройға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Өткен он жыл ішінде байқау көптеген жас өнерпаздарға танымалдылыққа жол ашып, білім саласының шығармашылық өмірінің өзіндік қолтаңбасына айналды. Байқау қатысушылар дарынын ашып, орындаушылық шеберлігін шыңдайды. Оны өткізу тәжірибесі көрсеткендей, қатысушылардың көбі болашақ өмірлерін шығармашылықпен байланыстыруға шешім қабылдайды. Рүстем және Мұхаммедәли Жүгінісовтер, Александра Самарина, Әлібек Әлмадиев, Дильнур Биржанова - бұл есімдер міндетті түрде елорда тұрғындарының назарында бар. Бұл балалар үшін «Шаттық» байқауы «бастама алаңына» айнала білді. Байқаудың жақсы нәтижесі педагогтар мен концертмейстерлерге де өте маңызды, себебі бұл өз еңбегінің жемісін бағалауға мүмкіндік береді», делінген баспасөз баянында.
Елорданың дарынды жастары 2 жас ерекшелігі: 10-15 жас және 16-20 жас аралығында, сонымен қатар 8 жанр негізінде 15 аталыммен сайысқа түскен еді. Олар: жеке аспапта орындаушы/ ансамбльдік аспапта орындау; классика, халық аспаптары/ хор әні, эстрадалық ән, вокалдық ансамбль, халық әні, халық биі, қазіргі заман биі, поэзия, театр өнері, фотосурет, бейнелеу өнері, ерекше жанр және киім үлгісі. Байқаудың мерейтойлық жылына байланысты алғаш рет бағдарламаға «Ерекше жанр» және «Киім дизайны» қосылды.
Конкусқа 5000-нан астам үміткер қатысты. 200-ден астам қатысушы күміс және алтын мүсіндердің жеңімпаздары атанды.