Балалар полипропилен зауытына қонаққа келді

Жақында Атыраудағы KPI Inc. компаниясы Балалар жылы аясында «KPI – Қазақстанның болашағы» атты сурет байқауын ұйымдастырды. Оған 56 бала қатысып, ата-аналары жұмыс істейтін кәсіпорын туралы өз ойларын, идеяларын, көзқарастарын қағазға түсірді.

Балалар полипропилен зауытына қонаққа келді

Балаларды марапаттау үшін басшылық оларды зауытқа арнайы қонақ ретінде шақырды. Балалар қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулықтан өтіп, каскалар киді. Зауыт ішін аралады, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, инженерлер қондырғылар, нысандар туралы түсінікті қылып әңгімеледі, жұмыс процестерін көрсетті. Балалар кәсіпорынның дайын өнімі - полипропиленді де көрді.

9 жасар Іңкәр өз әсерімен бөлісті:

- Мен әкемнің жұмыс орнын көргеніме өте қуаныштымын. Полипропиленнен көптеген заттар, ойыншықтар, маскалар, құбырлар жасауға болады екен. Бізге өте қызықты болды.

Ри На Ким болашақта әкесінің ізімен жүргісі келетінін айтты:

- Мен әкем сияқты, үлкен компанияның қызметкері болғым келеді. Бүгін біз көп нәрсе білдік, соның ішінде кәдімгі газдан көр нәрсе жасауға болады екен, қызық.

Одан әрі марапаттау басталды. Жеңімпаздарды онлайн-дауыс беру арқылы қызметкерлердің өздері анықтады.

6 жастан 9 жасқа дейінгі балалар санатында:

І орын - Адилова Зере (33 дауыс)

І орын-Азиз Айкөркем (33 дауыс)

ІІ орын-Текеев Ислам (24 дауыс)

ІІІ орын-Қуанышбаев Қасым (21 дауыс)

ІІІ орын-Пейчева Арина (21 дауыс)

- 9 жастан 12 жасқа дейінгі балалар санатында:

І орын - Әділов Ахат (28 дауыс)

ІІ орын-Қайыркелді Айша (25 дауыс)

ІІІ орын-Ким Ри На (23 дауыс)

- 12 жастан 14 жасқа дейінгі балалар санатында:

І орын-Жұмадилла Диас (23 дауыс)

ІІ орын-Мұхамбет Әли (22 дауыс)

ІІІ орын-Химеден Нұрлан (18 дауыс).

Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен, сондай-ақ түрлі сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты бөлім KPI әнұранын орындаумен аяқталды.

Айта кетейік, полипропилен өндіретін біріккен газ-химиялық кешен жақында іске қосылады. KPI компаниясында қызметкерлерді қолдау мақсатында отбасының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік көмек түрлері, оның ішінде бала тууына байланысты материалдық көмек, балабақшаларға баратын мектеп жасына дейінгі балалары бар жұмыскерлерге ай сайынғы ішінара өтемақы; мектепке дайындық кезеңінде мектеп жасындағы балалары бар жұмыскерлерге біржолғы төлем сияқты көмек көрсетіледі. Қызметкердің отбасы мүшелерін, оның ішінде 21 жасқа дейінгі балаларды медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету де қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар алға қарай жалғасатын болады.